ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОМАТ ЗАУЫТЫНЫҢ ШИКІЗАТЫ АУЫЛДЫҚ ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРІЛЕДІ
Қызылорда өңірінде жылдық қуаттылығы 12500 тонналық томат зауыты іске қосылады. Жаңақорған ауданында орналасқан кәсіпорын жұмысы жыл аяғына дейін жолға қойылуы тиіс. Жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар тартылды. Ал зауытқа қажетті шикізатты жергілікті шаруалар дайындап бермек, деп жазады www.24.kz сайты.
Мәселен, Бесарық ауылындағы «Жан» жылыжай шаруашылығы ерте көктемде еліміздің қос өңіріне қызанақтың 12 сұрпының жарты миллион түп көшетін жөнелтті. Қазір жылыжай бағбандары, томат зауытына арнайы «С» дәруменімен байытылған «Т-10» атты қызанақ сұрпын егуді қолға алуда.
Жұмакүл Әжімбекова, кәсіпкер:
- Бірінші рет «Т-10» деген қызанақты отырғызып жатырмыз. Бұл қызанақты отырғызу себебі бірнеше жеңілдіктері бар екен. Бұған дейін біз қызанақтың әр қайысысын дана-дана, жеке-жеке шпальерге іліп, байлап олардың әр бұтақшаларын алып отыратынбыз. Бұл егіп отырған сорттың ондай артық жұмыстары жоқ.