«АҚБОТА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫМЫРАНЫНА ҚҰМАРТҚАНДАР КӨП
Жаңақорғандық Қайрат Мұсабековтің «Ақбота» шаруа қожалығында соңғы жылдары қызмет көрсету аясы бір жүйеге түсіп, қожалықтың қымыранына құмартатқандар көбейді. Облыстық «Сыр бойы» газеті жазғандай, осында сауылып күніге дайындалатын 70-80 литр шұбат сол күні-ақ түгесіліп, ендігісіне жұртшылық тапсырыс беріп жатады.
– 30 сауын түйе күніге үш мезгіл сауылады. Бұл жұмысқа үлкен-кіші демей бала-шағамызбен түгел жұмыламыз, - дейді Қайрат Мұсабеков.
Қожалық қымыранды сақтайтын арнайы бөлме, салқындатқыш ыдыс және басқа да керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұндағы жалпы түйенің басы 150-ден асса, оның ішіндегі аналығы – 100 бас. Ұжым мүшелері қыстау басына ерте жаздан қажетті жемшөпті жиып, алдағы қысқа дайындықтарын бекем жүргізуде. Автокөлік, тракторлары, басқа да жабдықтары сай.