КИНОЗАЛ — КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ
Жаңақорған ауданындағы «Арман» кенттік мәдениет үйінде орналасқан кинозал көрерменімен қайта қауышты.
Жиырма төрт жасар жаңақорғандық Әділет Байдалиев тәуелсіздік алған тұста тоқырауға ұшыраған киноөндірісті қайта қолға алды. Жеке қаржысына кинозалды экран мен жарықтандыру және салқындатқыш құрылғысымен қайта жабдықтады. Сыйымдылығы 170 орынға арналған кинозалды жас кәсіпкер келешекте заманауи технологиялармен жабдықтау жоспарында бар екенін жеткізді. Сондай-ақ, өзімен қоса үш адамды жұмыспен қамтыған Әділеттің арманы биік. Келешекте сәтін салса, 3D форматтағы киноөнімді тамашалауға мүмкіндік жасайтынын жасырып қалмады.
Айта кетейік, сәрсенбінің сәтті күнінен бастап қызмет көрсеткен кинозалдың күндізгі бөлімінде балаларға арналған мультфильмдер болса, кешкі көрсетілімде отандық және шетелдік кинотуындылар көрермен назарына ұсынылмақ.