ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫ РЕСЕЙГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
Қаратаудың мөлдір бұлағынан нәр алған бал татыр дәмді жайылманың қарбыздары нарыққа шықты. Иә, қарбызды тиеген алғашқы жүк көліктері Қазақстанның солтүстік облыстарына, қала берді Ресейге жол тартты.
«Өтеш» шаруа қожалығы 30 тонналық екі жүк көлігіне қарбыз артып, бәсекеге қабілетті өнімін алыс жолға аттандырыпты. Алғашқы бақша дақылы Қазбек Кекілбаевтың егістігіне тиесілі екен. Мұны ауылдық округтің әкімі Талғат Зейдалиев тілге тиек етті.
Асылжан Жәпеков басқаратын қожалықта 13 отбасы бірігіпті. Олар қарбыз, қауын, жүгері, картоп, пияз, асқабақ пен сәбіз еккен.
-Біздің диқандар ерте көктемде қарбызды полиэтелен пленкасының астына алады. Пленкадағы уақыт 15-20 күнге созылады. Мына Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандардан «қауынды көшеттеп ектік» дегенін талай естігенмін. Биыл соны жасап көргім келіп, Түркістанның базарынан арнайы көшет егетін стакан сатып алып келдім. Оларды дымқыл топырақпен толтырып қарбыз дәнін тастадым. Дән өніп төрт-бес құлақ болғанда, осы егістікке алып келіп 10000 түп қарбызды отырғыздым. Сосын пленкамен жаптым. Сол көшеттің 7500 алып кетті. Осы көшетті егу барысында байқағаным, дәнді жаңадан еккеннен гөрі, көшеттеп еккен қарбыз өзгелерден 20-25 күн ерте піседі екен. Міне, енді соның бірінші легін артып жібердік. Бірінші көлік Ресейге, ал екіншісі Арал ауданына кетті, - деді еңбекқор, әрі тәуекелшіл диқан.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК