АУЫЛ ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ
«Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» демекші, Жаңақорған ауданына қарасты ауыл-аймақтың имамдары аудандық мешітте бас қосты. Дін қызметкерлерінің діттегені–халықты ізгілікке үгіттеу, жастарды имандылыққа ұйыстыру жолын жандандыру. Алғашқы кезекте ауданның бас имамы Сайдулла Омаров аудандағы діни ахуал мен имамдардың ілкімді ісіне тоқталды. «Діннің діттегені–бүлік емес, бірлік» екенін тілге тиек еткен бас имам Рамазан айында сауапты істерді молынан жасауға шақырды. Өз кезегінде аудан әкімі Руслан Рүстемов елдегі тыныштық пен тұрақтылық хақында әңгіме өрбітті.
– Биік мінберлерде Елбасы «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар» деген аталы сөзді жиі айтады. Тұтастықты сақтау үшін–бізге тыныштық керек. Бірлігі бекем елдің, биік белестерді бағындыратыны айқын. Осы орайда, жалынды жастар төл сенімінде берік тұрса, сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді төтеп берері сөзсіз–деді аудан басшысы.
Айта кету керек, рухани басқосуға сала басшылары мен жастар жетекшілері және ауыл-аймақ имамдары қатысты.