КҮРІШТІҢ 96,68 ПАЙЫЗЫ СУҒА БАСТЫРЫЛДЫ
Биыл Жаңақорған ауданындағы 133 шаруа қожалығы 7786 гектар жерге Сыр маржанын егуді жоспарлаған болатын.
Ауа-райының жауын-шашынды болуына байланысты диқандар көктемгі егісті мерзімінен 10-15 күн кейін бастады. Көктемнің әр күні жылға азық деген сөздің мәнін түсінетін диқандар зая кеткен күндердің есесін қайтарып, күндіз-түні күріштің дәнін сеуіп, суға бастыруда. Қазіргі таңда олар 7550 гектарға егіліп, оның 7300 гектарын суға бастырды.
Айта кететіні, жаңақорғандық диқандар өткен жылы осы мерзімде 7636 гектар жерге дән сеуіп, суға бастырып үлгерген еді. Егіншілер «Маржан», «Түгіскен-1», «Аноид» және «Казир-5» сортты күрішті егуде. Су саласының мамандары биыл Сырдария өзенінің суының ерте азаятындығын ескертіп, диқандар істі ширата түсуін ескертуде.