ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жалағаш ауданында 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты бақылауға алынған. Осы орайда, қысқы жылу беру маусымына дайындайтын және жылу беру маусымын үздіксіз өткізу жөніндегі штаб құрылды.
Аудан тұрғындарына биыл жылу беру маусымына алдын ала жасалған есеп бойынша 20515 тоннадай көмірді қажет етеді. Оның ішінде, ауылдық елді мекендер бойынша 8703 тонна көмір қажет болса, 6805 тонна көмірмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ауылдық елді мекендерде тұрғындар көмір тасымалдау шығындары қымбат болғандықтан отынға сексеуіл, жыңғыл пайдаланады. Жалағаш кенті бойынша қажетті 11812 тонна көмірмен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.
«Тұрғындарды 15630 тонна отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған жетіспейтін қатты отын жүк автокөліктері арқылы жеткізіліп беріледі», - дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімінің басшысы А.Момынтаев.
Фариза ОМАРОВА