МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫҒА НОУТБУК СЫЙЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебімен бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мейірімділік – ғажайып есігі» атты кездесу өткізді.
Партия сайты хабарлағандай, кездесудің негізгі қонағы – жарық дүниеге келгеннен арбаға таңылған Айжан Ермекбай. Мектепке бармаса да үйден оқитын ол биыл оқу бітіреді.
Кездесуде филиал төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева қазіргі күні елімізде барлық топтағы азаматтардың кедергісіз өмір сүруіне мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Мектеп директоры Гүлзат Құрманбаева өнерлі қыздың ән әлеміндегі жетістіктерін жіпке тізді.
Кездесу соңында Айжанға жас та болса, ауданның рухани-мәдени дамуына үлес қосқаны үшін партия филиалының Алғыс хаты табысталды. Аудан жастары Парламентінің депутаты, кәсіпкер, партия белсендісі Ержан Жайлыбаев оған ноутбук сыйлады.