БАЛАЛАР МУЗЕЙГЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымы аудандық тарихи өлкетану музейінде партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттілігі бар балаларға саяхат ұйымдастырды.
Партия сайты хабарлағандай, балалар мемлекеттік рәміздермен, қараша үйдің әбзелдерімен, көне жәдігерлермен танысты. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева «Ұлы дала елі» жобасының міндетін атап өтті. Мақсаты – ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды сақтау, жәдігерлерімізді жаңғырту, дәріптеу.
Ән айтып, би билеп, қимастықпен тарқаған балғындарға саяхат сәтінен естелік суреттер түсіріліп, таратылды.