ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Жалағаш ауданында кент орталығындағы стадионда қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру аясында аудандық ашық ІҮ-ші Ардагерлер спартакиадасы өткізілді. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
«Шараға аудан әкімі Т.Дүйсебаев қатысып ардагерлерді құттықтады. Спортқа жаны құмар, ширақ қимылды ардагерлеріміздің шеберлігін көріп, тәнті болдық. Біздің ардагерлеріміз спорт – денсаулық негізі екендігін тағы да бір дәлелдеп берді», - делінген хабарламада.
Бүгінгі байрақты бәсекеде өз шеберліктерімен көзге түскен, аламанда оза шапқан жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздары мен қаржылай сыйлыққа ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық 1 орынды Ақсу ауылы, 2 орынды Қаракеткен ауылы, 3 орынды Мырзабай ахун ауылы ардагерлері иеленді. Командалар ішінде Ақсу ауылы үлкен жауапкершілікпен қатысты. Ауыл әкімі Ғалым Телібаев ардагерлеріне қолдау көрсетіп, өзі де қоса шауып жүгіріп жүрді. Жарыс қорытындысымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев жеңімпаздарды құттықтап аяқтады.
Шынар БЕКБАН