ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ ҚҰРЫЛДЫ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі жанынан аудан жастары Парламентінің ашылуына орай жиын өтті. Оған қатысқан аудан әкімі Т.Дүйсебаев жастар саясатының жүргізілуі жөнінде айтты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, сонымен қатар жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық мәслихат хатшысы К.Сүлейменов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Х.Каметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов қатысты. Жиын барысында аудан басшысы жастардың жаңа бастамасына сәттілік тілеп, жас депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыстады.