ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМШЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
Жалағаш ауданында, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ №6 өрт сөндіру бөлімшесінің базасында «Кәсіби даярлықты ұйымдастыру» деген тақырыпта Қызылорда облысы өрт сөндіру бөлімшелері басшыларының қатысуымен семинар өтті.
Семинарда кәсіби даярлықты ұйымдастыру сұрақтары қаралды, жыл басында «Айдана» сауда дүкенінінің қоймасында болған өрт талқыланды, 2016 жылға тапсырмалар берілді, Жалағаш ауданындағы №31 орта мектептің жедел мінездемесі оқылды және осы нысанға өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.
Осылайша, өрттің анық-қанығын талқылау барысында лауазымды тұлғалардың өрт сөндіру кезінде қатысқан, жедел әрекет етуін тексерілді.
Одан кейін Жалағаш ауданы білім беру мекемелеріндегі өртті жою даярлықтары тексерілді.
№31 орта мектепте шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Жоспар бойынша оқу-жаттығу сағат 17:09-де асханада электр сымдарының қысқаша тұйықталуы әсерінен құрал-сайман жанды. Мектептің екі қабатында түтіндеу болды. Өрт пайда болған уақытта мектепте сабақ болып жатқан еді. Мұғалімдер құрамы 180 оқушыны көшіруді ұйымдастырды. Өрт болған жерге Жалағаш ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен жабдықтары бағытталды. Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Қосмұратов Болатбек айтқандай, «өртті сөндірудің ерекшелігі мен өрттегі қиындық, ол мектепте болатын, өз бетінше бағыт ала алмайтын және шешім қабылдай алмайтын көп адамдар саны бар, әсіресе – балалардың болуы қиындық тудырады. Сондықтан да барлығы мектеп қызметкерлеріне байланысты. Сол үшін де оқу жүргізіледі». Педагогикалық құрамның мойнына үлкен жауапкершілік артылады, ол – төтенше жағдайларда оқушыларды сауатты үйлестіру және дүрбелеңге жеткізбеу.
Оқуға 3 бірлікті техника, Жалағаш ауданының №6 өрт бөліміндегі жеке құрамның 24 адамы қатысты. Шақыру орнында күштер мен жабдықтарды жұмылдыру жоспарына сәйкес «жедел жәрдем» бригадасы, жол полициясы мен қаланың басқа да жедел қызметтері шақырылды.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ