БАЛА ҚУАНЫШЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Кеше Жалағаш аудандық оқушылар үйінде аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Т.Дүйсебаевтың қатысуымен «Бақытты балалық» жобасы аясында 2016 жаңа жыл мерекесіне орай балалардың жаңа жылдық шыршасы болып өтті.
Мерекелік шарада Жалағаш ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, балаларды жаңа мешін жылымен құттықтап, сыйлықтар үйлестірді. Мерекелік шарада қойылымдар қойылып, балалар жаңа жылдық өлеңдер айтып, ән шырқады. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету мақсатында өткізілген шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева және 100-ге тарта мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері жас балғындарға жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады.