ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЖАЛАҒАШТА ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 250 келушіге арналған емхана ашылды.
Жалағаштықтар үшін бүгін айтулы күн. Бірталай уақыттан бері аудан халқының көкейінде жүрген мәселе - жаңадан салынған аудандық емхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.
Жаңа емхана заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Жүрек ауруы науқастарына тәуліктік Холтер мониторы, Жүрек ауруларын ерте диагностикалауға Тредмил тест жабдығы, өкпе спирограф жабдығы, жалпы шолу рентген диагностикасы, физиотерапияның барлық түрлері, емдік-дене шынықтыру бөлмесі жұмыс жасайды.
- Ауданда емхана мәселесі шешілді. Барлық құрал-жабдықтар заманауи талапқа сай. Енді дәрігерлер сапалы қызмет көрсету қажет. Тек дәрімен ғана емес, жылы сөзбен де емдеңіздер, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Өткен жылдары дәл осындай емхана Шиелі, Сырдария, Қармақшы аудандарында жаңа аудандық емханаларды пайдалануға берілді. Келер жылы осы емханалар салалық бағытта жұмыс жасап, Жаңақорған, Қазалы аудандарында офтальмологиялық орталық ашылмақ. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға баса назар аударып отыр. Нәтижесінде Алматы мен Астананың жоғарғы клиникаларында жасалатын жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек Қызылордада жасалуда. Мысалы, білікті мамандардың көмегімен, биылғы жылдың өзінде 445 науқасқа нейрохиругиялық, кардиохирургиялық және жүрек қан тамырлары, травматологиялық, урологиялық және 25 балалар хирургиясына ота жасалды. Сондай-ақ, Қызылордада елімізде 4-ші болып бүйрек ауыстыру отасы жасалғанын айта кетейік.
Жалпы, денсаулық сақтау саласына соңғы 3 жыл көлемінде бөлінген қаржы 58 пайызға өсті, кезең-кезеңімен емханалар мен ауруханалар салынуда. Үш жыл ішінде 33 емдеу мекемелері халық игілігіне беріліп, 22 нысанға күрделі жөндеуден өтті.