ЖАЛАҒАШТАҒЫ «МАЙЖАРМА» КАНАЛЫНА ДРЕНАЖ САЛУ ҮШІН 45 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Жалағаш ауданындағы «Майжарма» каналына жаңадан дренаж салу жұмыстары атқарылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 45 млн теңге бөлінді.
Мырзабай ахун елді мекенінің іргесімен өтетін канал осындағы шаруашылықтардың егіс алқаптарын суландыруға, ауылды аяқсумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Алайда, жақын маңдағы үйлердің жер учаскелерін ыза су басып кетуі біраз жылдан бергі проблема болатын. Осының салдарынан үйлердің тозығы жетіп, халықтың өз үйіне кіріп-шығуы мұң еді.
- Мәселені шешу үшін шаруашылықтар «Майжарма» каналының сағасын жөндеді. Су пайдалану кезінде шыққан қалдықты шағын насос арқылы қайта каналға құйды. Бірақ бұл нәтижесін бермеді. Ал жаңадан дренаж салу түйткілді шешеді, - дейді аудан әкімі Талғат Дүйсебаев.
Назерке САНИЯЗОВА