ЖАЛАҒАШТА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Келесі жылы Жалағашта 3 000 басты бордақылайтын алаң салынады. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде аудан әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Бордақылау алаңы бар мал жайылымдарын дамыту мәселесі күн тәртібінде тұрған болатын. Енді ол да өз түйінін таппақ. Жобаны «Мега-Агро» серіктестігі жүзеге асырмақ. Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы басталған 2011 жылдан бері аудан бойынша 24 шаруашылық «Агронесие корпорациясы», «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Ауыл кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы 182 млн. 260 мың теңге несие алған. Оған 63 бас асыл тұқымды бұқа, 917 бас жергілікті аналық мал сатып алынды.
- Биыл бағдарлама арқылы 450 бас аналық пен 15 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланды. Бүгінгі күнге аудан бойынша 5 шаруашылық 28 млн. теңге көлемінде несиеге 13 асыл тұқымды бұқа, 190 бас аналық сиыр алды, - деді Талғат Дүйсебаев.
Назерке САНИЯЗОВА