ЕБІН ТАУЫП, ЕСКІ ТРАКТОРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТТЫ
Жалағаш ауданының Шәменов ауылында тұратын Жолдасбек Қуантаев шағын тракторын көпфункциялы техникаға айналдырды.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, ауыл шаруашылығында тек жеңіл жүк тасымалдауға арналған көліктің мүмкіндігі тым жоғары. Бұл – кәсіптік-техникалық училищенің ескі тракторы. Кезінде оны өнертапқыш бір жылқыға айырбастап алыпты. Қосалқы бөлшектері еш жерден табылмайтын техника енді жүйткіп тұр. Құм-топырақ сүріп, жер тегістеп, шөп орады. Қорадағы төрт түліктің азығы мен суын да тасымалдайды.
Ауыл тіршілігінің тірегіне айналған «Т-25» жанармайдың ең арзаны – дизельмен жүреді. Енді Жолдасбек ақсақал бұл техникасына жүк көтеріп, жер қазатын функцияларды да қосу үшін ізденіп жүр.