БАТЫР АНАЛАР АУЫЛЫНДА КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық мәдениет үйінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Үмбетова, «Сыр аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Мұсаевалардың қатысуымен көшпелі мәжіліс өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен «Батыр аналар» ансамблінің қолөнер бұйымдарының көрмесі тамашаланды. Көрмедегі түскиіз, қоржын, кесеқап, құрақ көрпешелер секілді бұйымдар көздің жауын алады. Бұдан соң ауылдағы ширек ғасырлық тарихы бар «Батыр аналар» ансамблі «Қыз он үшке толғанда» атты қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Ауыл тұрғыны, ансамблдің белді мүшесі Гауһар Досқабылова немересінің он үшке толып, қыз салтанатын құру рәсімін жасады. Салтымызға сәйкес жас қыздың жеңгелері беліне белдік, бұрымына шашбау, саусағына сақина салды. Аналар ақ батасын беріп, салтанат соңы ән-жырға ұласты. Қойылымға куә болған шара қонақтары Б.Үмбетова және Н.Мұсаевалар аналар ансамбліне алғыстарын айтып, тағылымы мол шараны терең насихаттау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ шара барысында ауылдағы «Атамекен» шаруа қожалығы аз қамтамасыз етілген 6 отбасына азық-түлік түрінде қолдау көрсетті.