ЖАЛАҒАШТА АУДАН АРДАГЕРЛЕРІН ДЕМАЛДЫРУ ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Қараша айының басынан Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаевтың бастамасымен «Ақтерек» сауықтыру лагерінің базасында ауданның ардагерлерін демалдыру шарасы бастау алды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
- Бір ауысымда жиырма ардагерден 4-5 ауысымда барлығы жүзге жуық ардагерді сауықтыру шарасымен қамту жоспарланып отыр. Сауықтыру шарасы аясында тегін медициналық кабинеттер қызмет көрсетіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады. Бір ауысымға әр ауылдық округ пен түрлі саланың ардагерлері топтастырылуда. Мұндағы мақсат өзара әр ауылдағы жағымды жаңалықтармен бөлісіп, өзара пікір алмастыру, - делінген хабарламада.