ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
- Жалағаш кентінде орналасқан «Аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ортаға бейімдеу, спортпен айналысуға және басқа да түрлі шараларға қатыстыра отырып, өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында ашылған аула клубының қызметімен таныстық, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Өткен 2014 жылы құрылған қоғамдық ұйым бүгінде бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның ішінде, әлеуметтік такси қызметін ерекше атап өтуге болады. Сонымен бірге, облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестиваліне қатысып, жүлделі орындар иеленген бүлдіршіндерімізді құттықтадық. Жергілікті кәсіпкерлер бес отбасыға азық-түлік беріп, қайырымдылық шарасын жасады», - делінген хабарламада.