ЖАЛАҒАШТА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Жалағашта кәсіпкерлер саны 169-ға, ал онда жұмыс істейтіндер саны 382-ге көбейген. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 7 айда барлығы 1584 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, бүгінде сонда 6793 адам жұмыс істейді. 312,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108 пайызды құраған. Бюджет түсімі 213,5 млн. теңге болып, салыстырмалы түрде 527,1 пайызға артты. Биылдыққа аудан көлемінде 543 жаңа жұмыс орны ашылды.