ЖАЛАҒАШТА ШЕШЕН ҰЛТЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ КҮНДЕРІ АТАЛЫП ӨТТІ
Кеше Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында облыстағы Шешен ұлтының мәдениеті мен өнері күндеріне арналған мерекелік шара болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Шара барысында қолөнер бұйымдары мен ұлттық кітап және тағам түрлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына арналған ауыл өнерпаздарымен бірге «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт берілді. Шара соңында ауыл ақсақалдары және өзге ұлт өкілдерінің өзара пікір алмасу кездесуі өткізіліп, «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігінің төрағасы Мовлади Исаевқа шапан жауып, құрмет көрсетілді.