ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЖАҢА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ!
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында "Қорқыт елі - Қармақшы" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Төретам кентінде "Әнім сенсің - Байқоңыр" атты IV ретро-әндер фестивалі өтті. Бұл туралы Жалағаш ауданының баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталмыш өнер додасына жалағаштық А.Қалатбек және Э.Абдуллаева қатысып, аудан намысын абыроймен қорғап қайтты. Мәдениет ауылының тумасы А.Қалатбек фестивалдің Гран-Приін жеңіп алса, Қаракеткен ауылындағы №114 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Э.Абдуллаева фестиваль қорытындысы бойынша 3-орынды жеңіп алды.
«Жалынды жастарымызды бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытқа сәттіліктер тілейміз!», - дейді жерлестері.