АҚСУ АУЫЛЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жалағаш ауданына қарасты Ақсу елдімекенін таза ауыз су жүйесіне қосу рәсіміне қатысты. Мердігер мекеме «Механизатор» серіктестігінің басшысы Юрий Тёнің айтуынша, су қоймасы, насостық стансаның және басқа да құрылыстарға 374 миллион теңге жұмсалды, деп жазады Медиа Жұлдыз Қоғамдық Қоры.
Жоба бойынша, 5,3 шақырым магистраль, 260 су есептегішпен қоса, 12 шақырым көлеміндегі тұтынушыға сервистік жүйелер салынған. Құрылысы былтыр маусым айында басталған су алу құрылымы биыл мерзімінен бұрын аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр. Ауылдың 1700-ден астам тұрғыны бар. Олар жерастынан шығарылған таза ауызға қолдары жеткеніне қуанышты.
Өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы ауыл тұрғындарының назарына бірер жылда облыс халқы дария суын емес, түгелдей жерасты өндірілетін суды тұтынуға көшетінін жеткізді. Осы бағытта жасалған шараның бірі осы – елдімекендегі су алу құрылымы. Келер жылы Жалағаш ауданының өзінде Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су қоймаларының құрылысы жүрмек.