ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТЕР ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАП ҚАЛАДЫ
Ұлттық валютаның еркін айналымы Сыр кәсіпкерлерінің әлеуетіне кері әсер етпейді. Керісінше, бәсекелестікте шыңдалып, қызмет көрсету сапасын арттыруға сеп болуда? Деп хабарлайды 24.kz. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тумасы Ғабден Әбуов алғашында сынған көліктерді ауласында жөндеп жүрді. Кейіннен «Даму» қорынан 8 млн теңге несие алып, техникалық қызмет көрсету кешенін ашты. Қазір көлік жуу, автобөлшектер дүкені жанармай құю бекеті менқоғамдық тамақтану орнында 20 шақты жалағаштық тұрғындар жұмыспен қамтылған.
- Теңгенің еркін айналымға шығуына байланысты бізге ешқандай әсері тиіп жатқан жоқ. Ешқандай жұмысшылар қысқармайды. Әрі қарай жұмысымызды жасай береміз. Тауарларымыз, қызметтеріміздің бағасы бұрынғы бағада қалады. Ешқандай өзгеріс болмайды, - дейді кәсіпкер.