АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТИІМДІ МҮМКІНДІКТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
Жалағаштықтар үшін бизнес бастау жеңілдей түсті. Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясымен бірге бастауыш ауыл кәсіпкерлеріне арнап диалог алаңын ұйымдастырды.
Кездесу кезінде оларға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіп ашып, оны дөңгелету туралы ақпарат берілді. Палата филиалының консультанттары мемлекеттік грант және қарыз беру, несие пайызын төмендету, сондай-ақ несиені кепілдендіру, кәсіпкерлерді оқыту мүмкіндіктерімен таныстырды.
«Шараны ұйымдастырудағы мақсат – кәсіпкерліктің экономика секторындағы басым көрсеткішін қамтамасыз ету, ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мақсат Мүбәрак.