АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ТҰҒЫРЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу және өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Аламесек ауылдық округінің мәдениет үйінде дөңгелек үстел болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ата Заң – мемлекеттің басты тұғыры» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Еңбек, Жаңадария, Аламесек ауылдық округі жастары қатысты. Еліміздің өсіп-өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтық құқық пен адам еркіндігін қамтамасыз ететін заңдар мен заңнамалары сөз болған шараны "Жастар ресурстық орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімі басшысы Е.Бақбергенұлы ашып, атаулы мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті. Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж.Айтбаева жастар арасындағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары туралы ұсыныстар айтты, ал студенттер «Серпін» бағдарламасының жеңілдіктері мен пайдасы тұсында өз пікірлерін ортаға салды, ұсыныстар мен пікірлерін айтып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына оң көзқарастарын білдірді.
Шара соңынан өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жиылған жастардың көңілін көтеріп тастады. Отаншылдық ол - Ата Заңды ардақтаудан басталады және Ата Заңды ардақтаумен жалғасады. Ендеше әр азамат пен азаматша отаншыл және патриот болуға тиіс.
Шара соңынан өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жиылған жастардың көңілін көтеріп тастады. Отаншылдық ол - Ата Заңды ардақтаудан басталады және Ата Заңды ардақтаумен жалғасады. Ендеше әр азамат пен азаматша отаншыл және патриот болуға тиіс.