АҚҚЫРЛЫҚ АҚЫН ЖӘНЕ СУРЕТШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗДІ
Жалағаш ауданы орталығында Аққыр ауылының 50 жылдығы аясындағы салтанатты мерекелік шаралар болып өтті, деп хабарлады Жалағаш ауданы әкімінің бапасөз қызметі.
Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аққырлық ақын, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының және театр қайраткерлері одағының мүшесі Мейрамбек Әбжатовтың шығармашылық кеші болды.
Салтанатты кешке Алматы қаласынан елімізге танымал жазушы-зертеуші, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Тынышбек Дайрабай, жазушы-журналист, кәсіпкер-меценат Құрманғали Ашанұлы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ертай қажы Айғалиұлы, сондай-ақ Қызылорда қаласынан қонақтар, Аққыр ауылының тұрғындары қатысты.
Ақынның шығармашылық кешінде аудан әкімі Талғат Дүйсебаев ақынды бүгінгі шығармашылық кешімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ қос өнердің тізгінін ұстаған ақынның кеудесіне «Аққыр ауылына 50 жыл» мерекелік медалін тағып, 28 дискіден тұратын аудиожазбалар жинағы «Қайталанбас дауыстар» деп аталатын Сыр саңлақтарының антологиясын тарту етті. Туған елді сағынып қауышқан ақын үшін бұл баға жетпес сыйлық болды.
Мерекелік кеште Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келген қонақтарға мерекелік медальдар табыс етіліп, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, кеш соңы орталық алаңда Аққыр ауылынан шыққан өнер шеберлерінің галаконцертіне ұласты.