ЖАЛАҒАШТА ЖАҢА ӨНДІРІС АШЫЛАДЫ
Жақын күндері Жалағаш ауданында жарық диодты шамдар жасау зауыты іске қосылмақ. Қазіргі таңда жаңа кәсіпорынның құрылысы толықтай аяқталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен ашылғалы отырған зауыт жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығаруға қауқарлы. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының Өңірлік индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны – 98,3 млн теңге. Кәсіпорын аудандық индустриялды аймақта орналасқан. Зауыт ресейлік «Ника» компаниясының құрал-жабдығымен жарақтандырылған.
Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пәтерлерде, қоғамдық және кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Сондай-ақ көшелер мен саябақтарды, тас жолдарды, өнеркәсіптік нысандарды жарықтандыруға да өте қажет.
Жаңа кәсіпорынды тамыз айының аяғында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістің іске қосылуының арқасында 30 адам жұмыс орнымен қамтылмақ.