ЖАЛАҒАШ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ЖИЫНЫ
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған аудан әкімі Талғат Дүйсебаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров, сондай-ақ «Даму» КДҚ филиалының директоры Жансұлтан Матаев қатысты.
Дінмұхамед Әбсаттаров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында қолға алынған шаралар, оның ішінде кедендік рәсімдер жөнінде айтып, кәсіпкерлер палатасының қызметіне тоқталды. «Бүгінде біз дуалды оқыту шеңберінде кәсіпорындарға кадрлар дайындайтын білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс беруге байланысты біршама жұмыс атқардық. Қызылорда индустриалды-техникалық колледжімен бірлескен корпоративті басқару жөніндегі меморандумға қол қойылды», - деді ол.
Дөңгелек үстел басына Жалағаш ауданының 70-тен астам кәсіпкері қатысып, кәсіпкерлер палатасы филиалының жұмысымен танысты.