ЖАЛАҒАШТА АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жалағаштық жастар - жарқын болашаққа» атты форум өтті.
Форумға аудан әкімі Т.Дүйсебаев қатысып, бірқатар жастардың ұсынысына қолдау білдірді. Әрбір ауылдық округ әкімдіктерінде жастармен жұмыс жасайтын штат пайда болмақ. Енді жыл сайын аудан жастарына арнайы сыйлық табысталады.
Секция отырыстарында 200-ге жуық жас ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Пленарлық мәжілісте аудан әкімі жастар саясатының дамуына қолдау көрсететінін жеткізді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ ақпараттық-сараптамалық бөлімінің меңгерушісі Ж.Досмаханов облыста жүргізіліп жатқан жастар саясаты жайындағы ақпаратпен бөлісті.
Жастар бастамасымен еріктілер қозғалысы құрылып, жетекшісі боп жас мұғалім А.Нұрланқызы сайланды. Шара соңында Т.Дүйсебаев жастарды футболдан жолдастық кездесуге шақырды.