ЖАҢАДАН "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінің міндетін уақытша атқарушы Р.Боханованың Жалағаш ауданының активімен кездесу болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуді аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Тұрсынұлы ашып, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарын сайлау туралы айтып өтті.
Кездесу барысында Жалағаш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне өңірдің тумасы, облыстық, аудандық деңгейде білікті де тәжірибелі маман, бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қаншагүл Шонмұрынқызы Мустафаеваның кандидатурасы ұсынылды. Орталық партия аппараты тарапынан облыстық филиалының ұсынысына сәйкес Қаншагүл Мұстафаева осы қызметке лайық деп танылып, тағайындалды.
Қ.Мұстафаева жаңа қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтының айтып, Елбасының саясатын, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақты қалыптасуына аянбай жұмыс жасайтының жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы Қ.Мұстафаеваға аудан әкімі аппаратының атынан алғыс айтып, алдағы уақыттағы жұмысқа сәттілік тілеп, алғыс хат тапсырды.