АҚПАРАТТЫҚ ТОП ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жалағаш ауданында 12 тамыз – Халықаралық жастар мерекесін атап өтуге арналған іс-шара жоспары бекітіліп, соған сәйкес ауыл жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп бітіруші түлектер арасында мамандық таңдауда жаңа жол сілтеу, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы мен «Серпін - 2050» бағдарламасын кеңінен насихаттау, жастар арасында кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру мақсатында М.Шәменов ауылдық округінде кездесу болып өтті.
№34 орта мектепте өткен кездесуге ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаева, «Кәсіпкерлер палатасы» Жалағаш аудандық филиалы кеңесшісі Б.Ержанов, «Жас Отан» жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Е.Бақбергенұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы А.Байкабылов, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Ұ.Ахметова қатысып, өз салалары бойынша жастарға толық ақпараттар берді.
Сонымен қатар кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мобилді тобының кеңесшісі Қ.Матназаров қатысып, жас кәсіпкерлерге арналған несиелер туралы айтты. Мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы туралы кеңінен ақпараттандырылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.