ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ЛАГЕРІ ЖАБЫЛУЫ МҮМКІН
Қызылорда облысында 1 маусымда 400 бала тынығатын жазғы лагерь жабылуы мүмкін. Жалағаш аудандық білім бөліміне қарасты «Ақтерек» демалыс орталығын тексерген прокурорлар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды 24.кз.
Сауықтыру лагерінде электр тоқ көздері оқшауланбай, балалар өміріне қауіп төндірген. Қадағалаушы орган өкілдерінің шүйлігуіне де осы лагерь тынығушысының тоққа түсуі себеп болған. Сонымен қатар орталықтың медициналық бекетінде мерзімі өтіп кеткен дәрілер сақталғаны және алғашқы көмек көрсету препараттары жеткіліксіз екені анықталды. Балғындардың жазғы демалысын ұйымдастыруға немқұрайлы қараған жауапты тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылу жағы қарастырылуда. Қуаныш Әшімов, Жалағаш ауданы прокурорының аға көмекшісі: - Аталған балаларды сауықтыру лагері тиісті уәкілетті органдарының рұқсат қағаздарын алмастан, заңсыз ашқандығы анықталды.
Осыған сәйкес демалыс орнын жабу жөнінде сотқа талап-арыз келтірілді. Қазіргі таңда қаралу үстінде.