ЖАЛАҒАШТА СОТҚА ТҮСКЕН АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТАЛАП АРЫЗДАР САНЫ ҰЛҒАЙҒАН
20 шілде 2015 жылы Жалағаш аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Іс шараға аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Т.Қ.Темірбаев, сот кеңсесінің қызметкерлері, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Н.Қазбеков және тағы да басқа БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясында аудандық соттың 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынды. Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Темірбаев ағымдағы жылдың 6 айының статистикалық деректеріне тоқталып, соттарға түскен талап арыздардың азаматтық істер бойынша ұлғайғанын тілге тиек етті.
Атап айтатын болсақ, аудандық сот өндірісіне 284 талап арыз, шағым түскен, ал 2014 ж. 6 айында 264 арыз, іс түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда арыздар 20-ға немесе 9,2 пайызға өскен. Негізінен аудандық сотта есептік кезеңде 269 іс өндірісі аяқталса, ал 2014 жылдың осы кезеңінде 189 іс негізінен қаралған болатын, яғни 7- пайызға көбейген.
Сот төрағасы өз сөзінде қылмыстық істер санының да көбейгенін айтып өтті. 2015 жылдың 6 айында аудандық сот өндірісіне 56 қылмыстық іс түсіп, 59 қылмыстық іс 72 адам бойынша аяқталған, ал 2014 ж. 6 айында 44 қылмыстық іс түсіп, 42 адамға қатысты 37 іс қаралған, яғни 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда қаралған істердің саны 22 немесе 6,2 пайызға өскен.
Сот істерін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану мен енгізу жұмыстары жалғасуда. Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Аян Алтынбаев «Сот кабинеті», «Төрелік» бағдарламалары туралы жаңа ақпараттық сервистердің соттарда кеңінен енгізіліп және қолданылып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетерлігі, «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылдың 6-айында сотта 188- электронды арыздар қабылданды.