КӨЛІККЕ МАС КҮЙДЕ ҚАЙТА ОТЫРҒАН АЗАМАТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Жалағаш ауданында көлікке мас күйінде қайтадан отырған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Айыпталушы бұған дейін 2013 жылы Қызылорда қаласының мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, 2015 жылдың 31 мамырында ол көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле түра, мас күйінде көлік жүргізу барысында Жалағаш ауданының ІІБ БЖПП қызметкерлеріне ұсталды.
Сот құқық бұзушыны қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып, 25 АЕК мөлшерде яғни, 49550 теңге айыппұл сала отырып, 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.