ЖАЛАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НАСИХАТ ЖЕТІСПЕЙДІ
Жалағаштық кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және несие алу кезіндегі жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, мәжіліске қаржы институттары мен ІІ деңгейлі банк өкілдері қатысты.
«Агробизнес-2020», «Сыбаға» бағдарламалары аясында шаруашылық құрылымдары егін алқаптары мен мал басын көбейтуде. «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламалары шеңберінде 90 орындық жеке балабақша, қонақүй, техникалық қызмет көрсету орталығы және 50 орындық қоғамдық монша, тағы басқа жаңа кәсіпкерлік нысандары ашылды.
- Дегенмен, әлі де болса мемлекеттік жеңілдіктер аудан тұрғындарына өз деңгейінде насихатталмаған, - деді аудан әкімі Талғат Дүйсебаев.
Одан бөлек, мәжілісте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Жансұлтан Матаев, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров баяндама жасады.