ЖАЛАҒАШ АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл ауданнан 10 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» ие болып отыр. 2 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады.
- «Алтын белгі» иегерлеріне егеменді Қазақстанда мемлекет тарапынан сендердің сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалып жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім саласына қашан да ерекше назар аударып келеді, - деген аудан әкімі түлектерге қалаған мамандықтарының иелері болып елінің белсенді азаматтары болуларына тілек білдірді.
Қабылдау кезінде аудан әкімі «Алтын белгі» иелеріне бағалы сыйлықтар мен естелік суретке түсті.