ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 138 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Бұл туралы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі Талғат Тұрсынұлы мәлім етті. Оның айтуынша, 2015 жылдың алғашқы бес айында аудан көлемінде 138 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Медиа Жұлдыз Қоғамдық Қоры.
Қазіргі таңда Елбасының аса маңыз беріп отырған мәселесі «Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы алдағы уақытта біздің қарыштап дамуымыздың негізгі тетігі десе де болады.
- Бүгінгі таңда басты мәселе – азаматтардың кәсіппен айналысуына, өз шаруашылықтарын жүргізуіне қажетті жағдайлар жасау. Қазір қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аймақтарда 4 өндіріс орыны ашылып, өзінің жұмысын жүргізуде. Бұлар мал сою цехы, «ШНС» ЖШС жылыжай кешені, «КТ-Servis» ЖШС-нің пескоблок, құрылыс материалдарын өндіру цехы және жеке мал бордақылау, сою және жіліктеп бумалау цехы. Алдағы уақытта бұл аймаққа құрама жем, брущатка, бордюр өндіру, биоотын шығару цехтарын орналастыру жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама аясында аймақтағы ірі өндіріс орны – «БИС-Групп» ЖШС-нің қызыл мия тамырын өсіру және өңдеу зауыты іске қосылып, жұмыс істеуде. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 156 тұрақты жұмыс орны және 500 маусымдық жұмыс орны ашылады", - деді аудан әкімі.