ЖАЛАҒАШТА ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жалағаш кентінде 26 сәуір ҚР Президентінің сайлау күні қарсаңында «Жігер» мәдени-спорт кешенінің мәжіліс залында «Бұл менің алғашқы сайлауым!» тақырыбында сайлауға алғашқы рет қатысушы кәмелет жасына толған жастармен кездесу болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге 18 жасқа толған мектеп оқушылары мен Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері, ҮЕҰ-дар жетекшілері мен мүшелері, жас мамандар қатысты.
Сондай-ақ, сағат 11.30-да орталық базар, вокзал және аудандық емхана аймақтарында белсенді жас мамандар мен ерікті студент жастардың қатысуымен «Ертеңің үшін дауыс бер!» атты жастар акциясы болып өтті.
Акция барысында жастар Жалағаш кенті тұрғындары мен қонақтарын 26 сәуірдегі ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырып, арнайы әзірленген таратпа матералдарды тұрғындарға ұсынды. Акцияға 50-ге жуық жас қатысып, тұрғындар арасында 1000 дана арнайы әзірленген таратпа материалдары таратылды.