ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жалағаш аудандық сотында аудандық сот қызметкерлерінің, прокуратура, ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару-инспекциясының өкілдерінің қатысуымен «Әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы тұру, гендерлік саясатты дамытуға байланысты» дөңгелек үстел өткізілді.
Баяндамашы аудандық соттың судьясы Т.Темірбаев өз сөзінде, «біздің елде демократиялық процесстің негізі-ол ұлттық гендерлік саясат болып табылады. 2014 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сүйенсек, 17 миллион 53 мың халықтың 51,8 пайызы әйелдер, 48,2 пайызы ер кісілер болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда туу саны көбеюде»,- деді.
Соңғы жылдары әлемде гендерлік саясаттың дамуында Қазақстан өз ұстанымын іске асырып жатқанын атап көрсетті. Ел басымен қылмыстық кодекстің, сонымен қатар «Тұрмыстық күш қолданудың алдын алу туралы» Заңының баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік Стратегиясы» бекітілді. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған.
Тұрмыстық күш қолдану отбасында әлеуметтік жағдайы, жас ерекшеліктері бойынша орын алады. Отбасылық-тұрмыс аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау тәжірбиесінде көбінде әйелдермен балалар жәбірленеді.
Жалағаш ауданының сотына 2015 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 19 неке бұзу туралы талап арыз түсіп оның 8-і қаралып аяқталды, осы талап арыз берушілердің 15 әйел адамдардың талаптары бойынша, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы 14 іс қаралды. Сонымен қатар, 2015 жылы тұрмыстық күш қолдануға байланысты 13 әкімшілік іс қаралды. Олардың ішінде әр іс бойынша әкімшілік қамауға алу жазалары қолданылған және жәбірленушілермен келісімге келулерімен қысқартылғандар.
Осы істердің барлығы өздерімен бірге бір үйде балаларының анасы болып отырған жұбайларын, анасын жаман сөздермен балағаттап, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, тиіскендер екені айтылды.
Жиын барысында бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.