ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ ӘДІСТЕР ЕНГІЗУДЕ
Негізгі кәсібі ауылшаруашылық саласы саналатын жалағаштықтар көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шаруа қожалықтары жер жыртуға арналған жаңа технологиялар әкеліп, бау-бақша өнімдерін өсіруде тың әдістер қолдануда. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев ауыл шаруашылық жұмыстарымен және ауданның әлеуметтік жағдайымен танысу мақсатында 14 елді мекенді түгел аралады.
Биыл «Жаңадария» ауылына қарасты «Бестам» учаскесінде тамшылатып суару әдісімен картоп және бау-бақша дақылдары егіледі. Аталмыш жобаны, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясымен бірігіп «Қазына», «Қожық Ата» шаруа қожалықтары ұйымдастырып отыр. Үстіміздегі жылы олар «Бестам» участогіне 100 га жерге бақша егістерін салмақшы. Оның ішінде 80 га қауын-қарбыз, 20 га картоп дақылдарындарын егу жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 300 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен егілетін картоп орналастырмақшы. Ал «Мақпалкөл» ауылдық округіндегі «Ер Әлі» шаруа қожалығы МАРА, НОВАК лазерлік жер тегістеуіш агрегатымен жұмыс жасап жатыр. Жаңа құрылғы егістіктегі зиянкестерді тамырымен жойып, мол өнім алуға септігін тигізеді. Бұл техникалардың көмегімен қазіргі таңда 486 гектар аумақ тегістелген.
Облыс әкімі іссапар басында «Таң» ауылдық округінде орналасқан «Таң ЛТД» серіктестігінің жаңадан құрылған тұқым шаруашылығында да болды. Жыл сайын мың гектар жерге күріш орналастыратын серіктестік былтыр облыста бірінші болып «Бораншы» учаскесінде 10 гектар жерге тамшылап суару арқылы картоп егу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш жұмыстары нәтижесіз болған жоқ. Биылда тамшылатып суару әдісін қолданып өнім алмақшы. Жылдан-жылға қуат алып, еңбек өнімділігін арттыруды көздеп отырған серіктестік биылғы жылдан бастап тұқым шаруашылығы статусын алды.
Сапар барысында аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, алдағы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты пысықтай түсу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жұмысын көріп, тұрғындармен кездесті.