ЖАЛАҒАШТА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссия мүшелері және ақпараттық насихат топ мүшелерімен «Зайырлы мемлекет пен діннің өзара әрекеттесу жолдары мен тетіктері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыту семинары барысында тақырып аясында ауқымды «Діндегі радикалдық ағымдардың еліміздегі қоғамдық келісімге қаупі мен қатері», «Дін туралы түсінік, діннің құрылымы мен қызметі», «Ислам дінінің Қазақстанда таралуы», «Басшыға бағыну және өзге дін өкілдерімен қарым-қатынас» тақырыбында баяндамаларын оқылды. Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері мен аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелері қатысқан семинарда көкейде жүрген түйткілді сұрақтар жолданып, теолог мамандар тарапынан тиісті жуаптарын алды.