ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ СТАТИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНА «СӨГІС» БЕРІЛДІ
Жалағаш аудандық прокуратурасы мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптарының сақталу жағдайына тексеру жүргізді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеру барысында аудандағы жекелеген мемлекеттік мекемелер тарапынан бұл конституциялық заңнама талаптары жеткілікті деңгейде орындалмайтыны анықталды. Мысалы, Қызылорда облысының статистика департаментінің «Жалағаш ауданының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ғимаратында мүлдем Мемлекеттік Ту мен Елтаңбасы орналастырылмаған.
Орын алған заңдылықты бұзушылыққа қатысты аудандық прокуратурамен Қызылорда облыстық статистика департаментіне прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді. Нәтижесімен Жалағаш ауданының статистика басқармасының басшысына «сөгіс» берілді.
Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін Жаңадария, Бұхарбай батыр, Қаракеткен, Макпалкөл, Мырзабай ахун ауылдық округ әкімдері «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.