МАЛ ҰРЛАЙМЫН ДЕП СОТТЫ БОЛА ЖАЗДАДЫ
Жалағаш ауданында мал ұрлаймын деп сотты бола жаздады. Сотталушы азамат жәбірленушінің мал қорасынан бірінен кейін бірін жымқырып отырған.
Айыпты азамат ұрлығын өткен жылдың қазанында бастаған. Егесінің байқамаған соң ай салып, бір-бірлеп ұрлап отырады. Сөйтіп сотталушы бөтен мүлікті бірнеше рет, жасырын түрде ұрлап жәбірленушіге 110000 теңге шығын келтірген. Істі қарау барысында сотталушы азамат пен жәбірленуші туысқандық қатынаста болғандықтан, сонымен қатар жәбірленушілерге келген залал орны өтелгендіктен медиаторға жүгіну туралы өзара шешімге келіп, сот отырысында өтініштерін жариялады.
Тараптар кәсіби емес медиаторға жүгініп, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Сотталушы өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартуын сұраған; сотталушы өзіне қарсы ҚР ҚК-нің 175 бабы 2 бөлігінің «б,в» тармақтарымен қозғалған қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен ҚР ҚК-нің 67 бабының 2 бөлігімен қысқартуға келіскен.
Тараптардың арасында жасалған медиация туралы Келісім заңға қайшы келмейтінін, басқа тұлғалардың мүдделерін бұзбайтынын есепке алып, сот медиация тәртібімен қысқарту туралы Келісімді бекітіп, қылмыстық істі қысқартты. Қаулы заңды күшіне енді.