ЖАЛАҒАШТА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жасөспірімдердің патриоттық сезімін ояту мақсатында Жалағаш аудандық оқушылар үйінде «Жастығын жалын шарпыған» атты Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 26 жыл толуына байланысты әскери-интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің құрметіне орай Жалағаш ауданы әкімінің қабылдауы болып өтті. Қабылдауда аудан әкімі Т.Дүйсебаев сұрапыл соғыс жылдарында от кешкен интернационал-жауынгерлердің көрсеткен ерліктеріне алғыс білдірді, қазіргі таңда жастарға тәрбие беру ісінде үлкен көмек екендігін жеткізді. Ауған соғысының ардагерлері өз ұсыныстарын айтып, ой пікірлер талқыланды. Сонымен қатар бірнеше ардагер жауынгерлерді марапаттап және бақилық болған жауынгерлердің ана-аналарына сыйлықтар табыстады.
Сонан соң ардагерлер мен жастардың кездесуі өтті. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу бағдарламасы 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде саптық көрініс, қоян-қолтық ұрыстағы әдіс-тәсілдер, жас ұландар әскери патриоттық ән шырқап, «АК-74» автоматын жартылай бұзып құрастыру және бейбітшілік көрмесі ұйымдастырылды. 2 кезең бойынша кездесу барысында ардагерлердің өмірбаяны мен ауған жерінде интернационалдық борышын өтеген қазақстандықтар туралы әңгімелер айтылды.