ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАС ШАШТАРАЗ КӘСІБІН АШТЫ
Жалағаш ауданында жас кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Небәрі екі ай көлемінде өз қаражатымен «Таңшолпан» шаштаразын ашып, кәсібін айналдырып отырған 26 жасар Нұргүл Дүйсебаева бүгінде жұмыс іздеу керек деп ойланбайды. Керісінше жас кәсіпкер екі азаматты жұмыспен қамтып отыр.
«Тұрмыс жағдайыма байланысты арнайы мамандандырылған білімім болмағандықтан, Қызылорда қаласынан 3 айлық шаштараз курсынан өткеннен соң ауылға кеп шаштараз ашуға бел будым», - дейді кәсіпкер.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге арналған несие бойынша тиісті құжаттарын рәсімдеуде.
Шынар БЕКБАН