ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ЖАС КӘСІПКЕР
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған Қайрат Дүйсебаев Жалағаш ауданының инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосып отыр. Ауданда бұрын соңды болмаған жаңалық ашты. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Бұрын билбордқа жазылған жарнама таяқшаларды облыс орталығына барып жаздыратын аудан тұрғындары сансыз сабылудан арылғандай болып отыр.
«Даму» жарнама агенттігі шетелдік технологиямен толық жабдықталған. Бір миллион теңгесі өз қаржысынан, қалған қаржы мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібімді осылай бастадым»,- деді жас кәсіпкер Қ.Дүйсебаев.
Қазіргі таңда бұл агенттік үш адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта, кәсібінің ауқымын кеңейтіп, жұмысшылар санын арттырмақшы. Сондай-ақ, Қайрат үйлену тойларына лимузин автокөлігін жалға береді.