АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛГЕН
Жалағаш кенті аудандық ветеринария бөлімінде, аудандық қаржы бөлімінде, аудандық ауылшаруашылық бөлімінде мүгедектерді ғимаратқа кiрiп-шығуына бейімдеу мүмкіндік жағдайлар жасамағандығы немесе мүгедектердiң қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырмайтындығы анықталды. Бұл туралы аудандық прокуратура хабарлайды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес қадағалау аумағында 1170 мүгедек тіркелген оның ішінде 85 мүгедек кресло арба пайдаланады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес мүгедектер әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Осыған орай, аудандық прокуратура мен Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы аудандық ветеринария, қаржы және ауылшаруашылық бөлімдерінің басшыларын ҚР ӘҚбтК-нің талаптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесімен аталған мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.