ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫМЕН 100 ПАЙЫЗҒА ҚАМТЫМАҚ
2015 жылдың соңына дейін Жалағаш ауданында балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қамту 100 пайызға жететін болады. Бұл туралы аудандық маслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген аудан әкімі Талғат Дүйсебаев айтты.
«Бүгінгі күні аудан көлемінде 32 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Олардың 10-ы мемлекеттік, 8-і жеке балабақшалар және 14-і мектептер жанындағы шағын орталықтар. Осы аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1 659 бала тәриеленуде. Бұл барлық 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 88,0 пайызын құрайды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», - деді Т.Дүйсебаев.
Биыл Қаракеткен ауылында 40 орындық жеке балабақша, Жалағаш кенті орталығында 90 орындық «Нұр әділ» жеке балабақшасы іске қосылды. Балабақшада 29 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта Мәдениет ауылынан 90 орындық мемлекеттік балабақша салынатын болады. Осылайша Жалағаш ауданында 2015 жылдың соңына дейін балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қамтуды 100 пайызға жеткізілмек.